2016 жылғы 27 шілде, Астана қаласы
Талап қою мерзімінің өтуі шегінде әкелінетін автокомпоненттерді моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру мақсатында ғана пайдалану туралы және талап қою мерзімінің өтуі шегінде әкелінетін шикізатты және (немесе) материалдарды инвестициялық келісімшарт шеңберінде қызметті жүзеге асыру кезінде ғана пайдалану туралы міндеттеме нысандарын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 255-бабы 1-тармағының 14) және 15) тармақшаларына және 276-15-бабының 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес, бұйырамын:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес талап қою мерзімінің өтуі шегінде әкелінетін автокомпоненттерді моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру мақсатында ғана пайдалану туралы міндеттеме нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес талап қою мерзімінің өтуі шегінде әкелінетін шикізатты және (немесе) материалдарды инвестициялық келісімшарт шеңберінде қызметті жүзеге асыру кезінде ғана пайдалану туралы міндеттеме нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е.Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеленгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында жариялануды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. СҰЛТАНОВ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 шілдедегі №405 бұйрығына 1-қосымша
Нысан
Талап қою мерзімінің өтуі шегінде әкелінетін автокомпоненттерді моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру мақсатында ғана пайдалану туралы міндеттеме
Мемлекеттік кірістер органдарының басшыларына
___________________________________________
Алушы/импорттаушы ____________________________________________________________________
______________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы не дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты
куәландыратын құжатта көрсетілсе) ЖСН/БСН___________________
р/с № Тауардың атауы* СЭҚ ТН бойынша тауардың коды ** Мөлшері
1.
2.
…
Көрсетілген тауарды талап қою мерзімінің өтуі шегінде моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру мақсатында ғана пайдалануға міндеттенемін. Көрсетілген міндеттемені бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағына еркін айналымға не ішкі тұтыну үшін тауарлар шығарылған күннен бастап немесе импортталған тауарларды есепке қабылдаған күнен бастап бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен айқындалған тәртіпте және мөлшерде импортталатын тауарларды оларды әкелу кезінде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзіммен өсімпұлды есептеумен, осындай тауарларды әкелу кезінде төленбеген, _______ теңге мөлшерінде қосылған құн салығын төлеуге міндеттенемін.
____________________________________________________________/__________/
заңды тұлғаның басшысының Т.А.Ә. (егер бұл жеке (қолы)
басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не дара кәсіпкердің
Т.А.Ә.( егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)
жеке басын куәландыратын құжаттың № _________________________,
берген орган ____________________берілген күні«___» __________ 20___ жыл
Міндеттеме берілген күн «___» ___________ 20__ жыл
___________________________________________________________/___________/
Міндеттемені қабылдаған лауазымды тұлғаның (қолы)
Т.А.Ә. (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)
Міндеттеме қабылданған күн «___» __________________ 20___ жыл
Ескертпе:
Міндеттеме мемлекеттік кірістер органдарына үш данада ұсынылады;
*Тауарларды әкелу туралы өтініште көрсетілген тауардың атауы және жанама салықтарды төлеу немесе тауарға арналған декларация;
**СЭҚ ТН – сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 шілдедегі №405 бұйрығына 2-қосымша
Нысан
Талап қою мерзімінің өтуі шегінде әкелінетін шикізатты және (немесе) материалдарды инвестициялық келісімшарт шеңберінде қызметті жүзеге асыру кезінде ғана пайдалану туралы міндеттеме
Мемлекеттік кірістер органдарының басшыларына
___________________________________________
Алушы/импорттаушы ___________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы не дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты
куәландыратын құжатта көрсетілсе ЖСН/БСН___________________
р/с № Тауардың атауы* СЭҚ ТН бойынша тауардың коды ** Мөлшері
1.
2.
…
Көрсетілген тауарды талап қою мерзімінің өтуі шегінде инвестициялық келісім-шарт шеңберінде қызметті жүзеге асыру кезінде ғана пайдалануға міндеттенемін. Көрсетілген міндеттемені бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағына еркін айналымға не ішкі тұтыну үшін тауарлар шығарылған күннен бастап немесе импортталған тауарларды есепке қабылдаған күнен бастап бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен айқындалған тәртіпте және мөлшерде импортталатын тауарларды оларды әкелу кезінде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзіммен өсімпұлды есептеумен, осындай тауарларды әкелу кезінде төленбеген, _______ теңге мөлшерінде қосылған құн салығын төлеуге міндеттенемін.
____________________________________________________________/__________/
заңды тұлға басшысының Т.А.Ә. (егер бұл жеке басты (қолы)
куәландыратын құжатта көрсетілсе) не дара кәсіпкердің Т.А.Ә.
( егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)
жеке басын куәландыратын құжаттың № _________________________,
берген орган ______________________берілген күні«___»_________ 20___ жыл
Міндеттеме берілген күн «___» ___________ 20__ жыл
__________________________________________________________/___________/
Міндеттемені қабылдаған лауазымды тұлғаның (қолы)
Т.А.Ә. (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)
Міндеттеме қабылданған күн «___» __________________ 20___ жыл
Ескертпе:
Міндеттеме мемлекеттік кірістер органдарына үш данада ұсынылады;
*Тауарларды әкелу туралы өтініште көрсетілген тауардың атауы және жанама салықтарды төлеу немесе тауарға арналған декларация;
**СЭҚ ТН – сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 26 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №14166 болып енгізілді.